Accessibility links

Индонезиялық бір отбасында құс тұмауынан 6 адам құрбан болған


Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы - Индонезиядағы бір отбасында алты кісінің құс тұмауы ауруынан көз жұмуы бұл дерттің адамнан адамға жұғу оқиғасының болу мүмкіндігін жоққа шығармайды деп хабарлады. Бұл ұйымның таратқан мәлімдемесінде, Солтүстік Суматрадағы отбасында құс тұмауының кемінде жеті адамға жұғу оқиғасы науқастың құс тұмауы ауруының түрлі деңгейіне ұшырағанын көрсетеді делінген. Дегенмен, бұл мәлімдемеде құс тұмауының адамнан-адамға ауа арқылы да тез жұғатындай мутацияланбағаны айтылған. Құс тұмауының H5N1 түрінен әлемде бұл күнде 124 адам қаза болды. Олар ауру құспен тікелей байланыста болған адамдар.
XS
SM
MD
LG