Accessibility links

Өзбекстан Әндіжан қырғынынан соң өзіне жаңа одақтастарды таба білді


Әндіжан қырғынынан соң Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов халықаралық оқшаулануға қарсы төтеп беру үшін көп әрекет жасады. Өзбек әскері былтыр мамыр айында Әндіжанда демонстрацияны қанға батырған соң ресми Ташкент пен Батыс елдерінің қарым-қатынастары қиындай түсті. Есесіне президент Ислам Кәрімов Ресеймен жақындаса түсті. Өзбекстан басшылығы Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан және Пәкістанмен де жақынарақ қатынас орнатуға күш салды.

Президент Ислам Кәрімов 9 мамыр күні Жеңіс мерекесінде сөйлегенде Өзбекстан сыртқы саясаты үшін қай елдермен қарым-қатынас жасау маңыздырақ деген сөзді айтып кетті. Ислам Кәрімов Ресеймен одақтық келісім жасағанбыз, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан және Пәкістан сияқты алып елдермен серіктестікті ұлғайтқан жөн деп мәлімдеді. Кәрімов, осылайша, 2005 жылы 25 мамырда Әндіжан қанды оқиғаларынын соң айтқан сипаттамасын кеңейте түсті, - деп жазады радиомыздың талдаушысы Дениел Кимидж. Сол күндері Ислам Кәрімов Қытайға аттанып жатқан еді, Батыс елдерінің үкіметтері Әндіжандағы қырғын халықаралық комиссия арқылы тергелсін деп жатқанда Ислам Кәрімовты Қытай жылы қабылдап жатты.

Кәрімовтың айтуынша, Қытай алдағы үш-бес жылда Өзбекстанға бір жарым миллиард доллар инвестиция әкелуге уәде берген көрінеді. Кәрімовтың 2005 жылы мамыр айында Қытайға жасаған сапары Өзбекстан сыртқы саясатында жаңа ұмтылысты белгілеген нышанға айналды. Қытай мен Өзбекстан мұнай саласында 600 миллион доллар сомасында сынақ жобасын іске асыруға келісті. Бұл сапардың мәні – Батыс қауымдастығының Өзбекстанға сөгіс айтуы Өзбекстанды оқшаулындырмайтынын көрсетті.

Өзбекстанның Әндіжаннан кейінгі жаңа сыртқы саясатындағы екінші ұмтылыс Ресей бағытына жасалды. 2005 жылы қарашада Ресей мен Өзбекстан агрессия жағдайында бір бірімізге көмектесеміз деген мазмұнда келісімге қол қойды. Ресей мемлекеттік "Газпром" компаниясы және Ресей үкіметіне жақын "Лукойол" мұнай компаниясы Өзбекстан энергетика саласында бір миллиард доллардың жобаларын іске асырамыз деп міндеттеме алды. "Газпром" компаниясы жақында жасалған хабарландыруында Өзбекстан арқылы өтетін "Орталық Азия-Орталық" газ құбыржолының мүмкіншілігін арттырамыз, құбыржол арқылы қазір жылына 50 миллиард текше метр газ тасуға мүмкін болса, бұл межені жылына 70 миллиард текше метрге жеткіземіз деді. Кездесойық жағдай ма, жоқ па - Әндіжан қақтығысына бір жыл толып, әлем демократиялық қауымдастығы осыны атап жатқанда – 12 мамырда Ислам Кәрімовты Ресей президенті Владимир Путин Сочи қаласында қонақ қылды. Кәрімов Ресеймен одақтас келісім жасадық, келісімді мақұлдаған Ресей Федералды Жиынына, Ресей парламентінің палаталарына жеке алғысын білдірді. Кәрімов бұл құжаттың тарихи мәні бар деп сипаттады.

Өзбекстанның сыртқы саясатында биыл Пәкістан, Оңтүстік Корея және Үндістанмен қарым-қатынасты кеңейтуге ұмтылыс жасалды. Оңтүстік Корея және Үндістанмен мұнай газ саласында әріптестік жасау келісілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG