Иран үкіметі келемеж сурет шығарған және наразылыққа түрткі болған Теһрандағы бір басылымды жауып тастады. Бұл туралы елдің мемлекеттік радиосы хабарлады. Жақында “Иран” газетінде әзери тілінде сөйлеп тұрған бір тарақанның суреті жариаланған болатын. Осы суретке байланысты Иран әзірбайжандары наразылық танытты. Иран халқының шамамен төрттен бірін әзірбайжандар құрайды.