Accessibility links

Канадалық "National Post" басылымы Ираннан кешірім сұрады


Канадалық газет Иран билігі өз еліндегі мұсылман еместерді қоғамда мұсылмандардан айыра алатындай басқа түрлі-түсті белгісі бар киім киюге мәжбүрлеп жатыр деген мақала жариялағаны үшін кешірім сұрады. "National Post" газетінің бас сарашысы сәрсенбі күні мәлімдегендей, басылым ол мәліметтің растығын дәлелдейтін ақпарат көздерін қарастырмаған, әрі газет ұжымы қырағылық танытпай күдік туғызған жайтты тексермеген деп айтқан. Жұма күні жарыққа шыққан ол мақалада Иранның өз еліндегі еврей, христиан және мұсылман емес басқа ұлт өкілдерінің түрлі-түсті белгісі бар киім киюін талап ететін заң шығармақшы деп айтылған. Сәрсенбі күні Иранның сыртқы істер министрлігі Техрандағы Канада елшісін шақырып алып, осы жағдайды талқылаған.
XS
SM
MD
LG