Accessibility links

Эхуд Олмерт Хамас тобы бейбіт келіссөздерге кедергі жасап отыр деп мәлімдеді


Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт өз елі Палестинамен бейбіт әріптес болғысы келеді, бірақ Израйлдың Батыс жағалауда өз шекарасын белгілеп алу керектігі талқыланбауы тиіс деген. Олмерт өзінің ол мәлімдемесін АҚШ Конгресіндегі кездесуінде айтты. Ол Хамас тобы бейбіт келіссөздерге үлкен кедергі жасап отырғанын айта келіп, Израйл Палестиналықтарды өмір бойы күте алмайды деген:

“Палестина билігін Хамас басқарып отыр. Бұл ұйым антисемитизмді ұстанып, террорды мадақтап және Израйлдың толық жойылуын көздейді. Әзірге бұл олардың негізгі ұстанымы болғандықтан, олар ешқашан біздің әріптесіміз бола алмайды”, - деген ол.

Олмерт сондай-ақ, Иранның ядролық бағдарламасы туралы пікірін білдіріп, халықаралық қауымдастық Иранның ядролық кеудемсоқтығына қарсы тұру керек, өйткені олар ғаламдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр деп айтқан.
XS
SM
MD
LG