Алматы қаласындағы бұрынғы мақта-мата комбинаты тұрғындарының таң атпай дүрлігуіне осыдан он күн бұрын Әуезов аудандық сотының шешімімен тұрғындарды күштеп көшіру жөнінде ескертпе хат таратылғандығы себеп болыпты. Сейсенбі күні Алматыдағы Жұбанов пен Сайын көшелерінің қиылысында орналасқан жатақханаға барғанымызда, бөлмелерімізді өлмей бермейміз деген тұрғындар жатақхананың есігін жауып тастаған екен.
Жатақхана бөлмелерін босатуға тиіс болған 17 отбасы кезінде Алматы мақта-мата комбинатында жұмыс істепті.
«20 жылдан бері осы жатақханада тұрамын және осы жатақхананың тұрғыны ретінде тіркелгенмін. 15 жыл мақта-мата комбинатының балабақшасында еңбек еттім. Соған қарамастан маған бұл жатақханадан шық деп жатыр. Бөлмені комендант алдында маған 7 мың АҚШ долларына сатып ал деген болатын. Ал менде ондай ақша жоқ. Қазір бөлмемді біреулер 1 мың АҚШ долларына сатып алыпты. Осы бөлмені неге менің өзіме 1 мың долларға сатып бермейді?», - дейді бүгінде басқа жерде жұмыс істейтін Мырзагүл Әлғожаева есімді тұрғын.
Тұрғындардың айтуына қарағанда, Кеңестер одағы ыдырағаннан кейінгі жылдарда банкрот деп танылған Алматы мақта-мата комбинатының 11 жатақханасының 9-ын жұмысшылар жекешелендіріп алған да, екеуі мемлекет меншігінде қалған. Оның бірі - бүгінде тұрғындар наразылық білдіріп жатқан “Айгүл” атты жатақхана екен.
Тұрғын Мырзагүл Әлғожаеваның айтуынша, ол тұрып жатқан бөлме үшін тартыс екі жылдан бері толастамай келеді екен. Бұрынғы мақта-мата комбинатының қазіргі жұмыс істеп жатқан шағын цехын басқарып отырғандар тұрғындарға бөлмелерді сатып алу жөнінде ұсыныс жасапты. Алайда, Мырзагүл «өзгелер сияқты 20 жыл осы жатақханада тұрып, 15 жыл комбинатта еңбек еткен мен бөлмені неге жекешелендіріп алмаймын?» деген сауал қояды.
«Комбинат әкімшілігі мен жатақхана коменданты бөлмелер үшін түрлі баға айтып басымызды қатырып отыр. Біресе 4 мың АҚШ долларына сатып алыңдар дейді, біресе 7 мыңға сатып алыңдар дейді. Тура базардағы саудагер сияқты бізбен саудаласып отыр», - дейді Алмас Әлғожаев есімді тұрғын.
Бір айта кетерлігі, «сот орындаушыларын да, өздерімізді де өртейміз, өлуге бармыз, бірақ бөлмелерді бермейміз» деп ашыған тұрғындардың арасында ер адамдар көрінген жоқ. Жиналған әйелдер бірін-бірі баспана үшін бірлесіп күресуге шақырды. Олардың бірі:
«Болды! Жетеді! ОМОН (арнайы полиция жасағы) келді, сот орындаушылары келді деп қорыққанымыз. Кім олар? ОМОН деген - біздің балаларымыз. Олар елдің тыныштығын қорғасын, бандиттермен алыссын. Әлі президент Назарбаев халықтың алдында жауап береді. Ол біздің даусымызды алып, президент болып отыр», - дегенді айтты.
Мамырдың 30-күні жатақханадан тұрғындары күштеп шығарып тастауға келген Әуезов ауданының сот орындаушылары көліктерінен түскенімен тез арада көзден ғайып болды.
«Олардың әрекеті заңға сиымды болса неге халық алдына шықпайды? Журналистерді көріп, әдейі қашып кетіп отыр», - дейді тұрғындар.
Осы мәселеге түсінік берген жатақхананың коменданты Зинаида Дүйсембинова:
«Жатақхана тұрғындарына осыдан екі жыл бұрын бөлмелерді сатып алуға ұсыныс жасалған болатын. Маған бөлмелерді сатып алуға мүмкіндігі бар адамдардың тізімін жасау тапсырылды. Мақта-мата комбинатының жұмысшыларына арнайы тариф бекітілген болатын. Алайда, тұрғындар осы уақытқа дейін өздері бөлмелерді сатып алмай жүріп алды. Енді бөлмелерді сатып алмаған не босатпаған тұрғындарды біз күшпен шығаруға мәжбүрміз. Қолымызда Әуезов ауданы сотының шығарған шешімі бар», - дейді жатақхана коменданты.
Ал қолдарына жанар май ұстап, өздерін өздері өртеуге дайынбыз деп отырған тұрғындар жатақханада жарық пен судың жоқ екендігін айтады. Бұл әрекетті олар өздеріне жасалған қысым деп бағалап отыр.