БАСРА. Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики өршіп бара жатқан қантөгісті ауыздықтау ниетімен бүгін Басра қаласына келді. Ұлы Британияның 8 мыңдай әскері тұрған және шийттер басым тұратын оңтүстік Ирақтағы ахуал қазір шектен шықты. Әл-Мәлики Басраға жергілікті халықтың ішінен шыққан жікшілдікті жеңілдету үшін келгенін мәлімдеді. Қалаға келісімен ол халықпен, армия басшыларымен және жергілікті саясаткерлермен кездесті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV