Accessibility links

Жертөлені паналаған 4 моджахедтің үшеуі оққа ұшып, біреуі қолға түсті


НАЛЬЧИК. Бүгін Ингушетияның “Нестеровская” станицасындағы тінту шарасы аяқталып, 3 моджахедтің көзі жойылып, бірі қолға түсті. “Азаттық” тілшісінің хабарлауынша, 2 милиция қызметкері қаза болып, тағы үшеуі жараланған. Моджахедттер Чешенстанның Ачхой-Мартан ауданында қолға түсіп қала жаздап, Ингушетияға қашып құтылған көрінеді. Сондай-ақ бүгін Дағыстанның Буйнакск қаласындағы тінту шарасы барысында 2 моджахедтің көзі жойылып, жергілікті 1 тұрғын жарақат алған.
XS
SM
MD
LG