ВАШИНГТОН. Егер Иран уранды байыту өндірісін тоқтататын болса, онда АҚШ Теһранмен арадағы тікелей келіссөзге қосылуға дайын деген хабар шықты. Дипломаттардың айтуынша, Вашингтонның талап-шарты Ресеймен және Қытаймен арадағы алдыңғы келісімінен туып отыр. Оған сәйкес, Иран талапты орындамаған күнде, БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің оған жаза қолдану туралы Қарарын Мәскеу мен Бежин қолдауға тиіс. Осы хабардың алдында Иран Германия, Франция және Ұлы Британиямен арадағы келіссөзге қайта отыруға дайын екенін мәлімдеді.