Accessibility links

АҚШ Қырғызстандағы әуе базасы үшін қанша ақша төлемек?


Бішкекте Қырғызстанның әскери әуе базасын АҚШ-тың жалға алуына байланысты екі жақты келіссөз өтті. Бұл туралы Қырғызстан қорғаныс министрі Исмаил Исақов хабарлады. Келіссөздің қалай аяқталғандығы жөнінде әзірше мәлімет жоқ. Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиев АҚШ-тан Ганси әуе базасының жалдық ақшасын көбейтуді талап етіп, егер 1-інші маусымға дейін ешқандай келісімге келмеген жағдайда, АҚШ күштерін елден шығаратынын мәлімдеген болатын. Пентагон Ганси әуе базасын көрші Ауғанстандағы соғыс операциялары үшін пайдаланып келеді.
XS
SM
MD
LG