Accessibility links

Америка мен Ресей тұрғындарының Иран мәселесіндегі пікірлері әр алуан


Американдықтар мен Ресейліктер Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымы бірдей, бірақ олардың Қытай туралы көзқарастар екі түрлі. Бұл туралы мамырдың 31-күні екі елде жүргізілген сауалнамасында мәлім болған. Уашингтондағы сарапшылар бұл сауалнама қорытындыларын талқылағанда, Қытайдың Ресеймен жақынырақ стратегиялық әріптестігін дамытуы үшін көп уәде беретін ұстанымда тұрғанын көтерді.

Мәскеуде орналасқан “Левада” орталығы өткен сәуір айында 1 мыңдай ресейлікпен сауалнама жүргізген уақытта Құрама Штаттардағы әлемдік қоғам пікірін жинайтын “WorldPublicOpinion” компаниясы да американдықтар арасында тура сондай сауалнама жүргізген. Оның қорытындысын “WorldPublicOpinion.org” директорының орынбасары Стивен Вевер халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорында жариялады. Оның хабарына қарағанда, екі тарап ресейліктер мен американдықтар да Иран ядролық бағдарлама жасауға тырысып жатыр деп санайды, дегенмен, олар өз алаңдаушылықтары мен оның алдын алу үшін шаралары қандай болу керек дегенде әртүрлі пікірде. Мәселен, 84 процент американдық 68 процент ресейлік өздерінің Иранда ядролық қару бар дегенге сенімсіздікпен қарайтынын айтады. Сонымен қатар, 68 пайыз американдық пен 23 процент ресей азаматтары Иранға экономикалық санкция салу керек дегенді қолдайтынын білдірген. Ол айырмашылықты Вебер былай түсіндіреді:

“Әрине көп жылдар бойы Құрама Штаттардың Иранмен не экономикалық не дипломатиялық қарым-қатынастары болмады. Ал, Ресей үшін Иран көп уәде беретін әрі айтарлықтай сауда әріптесі және екі елдің кең де маңызды аймақтық дипломатиялық байланыстары бар. Сондықтан, ресейліктер мен американдықтардың Иран мәселесінде қалай әрекет ету керек дегендегі пікірлерінің алуан түрлі болуы таңқаларлық жағдай емес”.

Халықаралық Бейбітшілік үшін Карнеги қорының ресей және евразия бойынша директоры Эндрю Кучин Азаттыққа берген сұхбатында, ресейліктердің бұл мәселеге мына тұрғыдан қарайтынын айтты:

“Ресейліктердің экономикалық санкция жөніндегі көзқарастары олардың түбегейлі түрде қарсы болатын қазіргі кезде жағымсыз бағыт алған әскери әрекеттерге қатысты туындаған”.

Десе де сарапшы Вебер, Ресей мен Америка қоғамы Иран мәселесінде бір ұйғарымға келеді деген шешім жасайды.

“Сондықтан біз Ресей мен Америка тұрғындары Иранның ядролық бағдарламасы туралы халықаралық проблемаға қалай келіп отырғанын қарастырғанымызда, біз келіспеушіліктен гөрі басты келісімді көріп отырмыз. Екі тарап та БҰҰ елдердің ядролық қаруды иеленуіне жол бермеу керек дегенмен келіседі. Екі жақ та Иранның ядролық қаруды дамытуға тырысып жатыр дегенмен келіседі. Екі қоғам да Иранның ядролық нысандарына қарсы дипломатияны қатты қолдайды, американдықтар қажеттілігіне қарай БҰҰ-ның экономикалық санкциясын салуды қолдаса, Ресейліктер экономикалық санкцияға қарсы болып, көбірек дипломатиялық жағына қолдау танытады”.

Бірақ, Қытай мәселесінде Ресейдегі бақылаушылардың Американдықтардан гөрі пікірі басқаша. Ресейліктер Қытайдың экономикалық және саяси жүйесіне оның әлемдегі ықпалына, әскери күш қолдануына жақсы пікірін бідіреді. Ал, Американдықтардың Қытай туралы пікірі Ресейге қарама қайшы. Американдықтардың көбі Қытайдың әлемге кері ықпалы бар десе, онымен 20 процент қана Ресейлік келіседі.

Дегенмен, қазіргі таңда Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы туралы кітап жазып жүрген Эндрю Кучин Ресейліктердің Қытайды жақсы қоллдайды дегеніне күдікпен қарайды. Ол Ресейдің Қытай туралы қазіргі ұстанымы ұзақ мерзімді тұрақты деп айтуға келмейді дейді.

Кучин Ресей жетекшілігі Қытай туралы жақсы көзқарас жасап алған болуы мүмкін деген ойда.
XS
SM
MD
LG