Accessibility links

Әлемнің алпауыт елдері Иранға жаңа ұсыныс жасады


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше 5 ел мен Германия өкілдері егер Иран уран байыту ісін доғаруға келіссе, кеңес өз әрекетін тоқтатады деп шешті. Бұл туралы журналистерге Британия Сыртқы істер министрі Маргарет Беккет Венадағы жиналыстан кейін хабарлады. Беккеттің айтуынша, әлемнің алпауыт елдері Иранға жаңа ұсыныс жасауға келіскен.

“Алда екі жол бар. Біз Иранды позитивті жолды таңдауға және Иранға айтарлықтай пайда әкелетін біздің нақты ұсыныстарымызды жақсылап қарастыруға шақырамыз”, - деді Беккет ханым.
XS
SM
MD
LG