2003 жылы өлтірілген Сербия бас министрі Зоран Джиндичтың ісі бойынша соттағы бас куәгер Зоран Вукоевичтың өзі өлтірілді. Полиция оның мәйітін кеше ел астанасы Белград маңында шала көмілген, қолдары кісенделген жайында тапты. Зоран Вукоевич бас министрді өлтірді деп айыпталған "Земун әулеті" қылмыс тобының мүшелеріне қарсы куәлік айтып жүрген. Полицияның айтуынша, ол куәгерлерді қорғау бағдарламасының қызметінен бас тартқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?