ТОРОНТО. Канаданың Торонто қаласы мен оның маңайындағы терроризмге қарсы тінту шарасының барысында 17 күдікті ұсталып, мол қопарғыш зат тәркіленді. Канада корольдігінің атты полициясының өкілі хабарлағандай, олар Онтарио штатында бірнеше қастандық ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталды. Тінтуге 400 полицей қатысты. Канаданың премьер-министрі Стивен Харпер: “Біз - өзіміздің кім болғанымыз, қалай өмір сүріп жатқанымыз, біздің ерекшелігіміз бен құндылықтармыз үшін – нысанаға айналдық”, -деп елге лаңкестік қатерінің төніп тұрғанын ескертті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?