Accessibility links

Чехиядағы кезекті парламент сайлауында оппозиция жеңіске жетті


ПРАГА. Чехияның премьер-министрі Иржи Пароубек оппозиция жеңіске жеткен демалыс күнгі сайлаудың нәтижесін сот арқылы даулауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бастапқы қорытындыға қарағанда, оппозиция лидері Мирек Тополанектің консервативтік Азаматтық-демократиялық партиясы басым дауыс алды, бірақ өз бетінше үкімет жасақтауына жетпейді. Бақылаушылар коалиция құрудың қиын болатынын немесе сайлауды қайта өткізуге тура келетінін екенін айтып отыр. Чехиядағы парламент сайлауы тақырыбын әріптесім Нұрлытай Үркімбай толығырақ айтып беретін болады.
XS
SM
MD
LG