Accessibility links

Бүгін Иран тағы да АҚШ пен оның одақтастарын қорқытып ескерту жасады


ТЕҺРАН. Бүгін Иранның рухани лидері аятолла Әли Хаменей: “Егер Сіздер Иранға байланысты бұрыс іс-қимыл жасайтын болсаңыздар, онда Парсы шығанағындағы мұнай тасымалына айтарлықтай қатер төнетіні анық, соны АҚШ білуге тиіс”, деп ескертті. Бұл сөзін ол Иран төңкерісінің жетекшісі аятолла Хомейнидің қайтыс болуының 17-жылдығына арналған рәсімде айтты. Оның айтуынша, Иран мұнай танкерлерінің Парсы шығанағы мен Үнді мұхитын жалғайтын Хармуз бұғазынан өтуіне тосқауыл қойып, АҚШ пен оның одақтастары танкерлерді қорғай алмайды. Оның алдында Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад елдің ядролық бағдарламасына байланысты Батыс елдерінің соңғы ұсыныстарымен мұқият танысатынын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG