Accessibility links

Ирақ полициясы Басра қаласындағы мешітке оқ жаудырды


БАСРА. Ирақ полициясының хабарлауынша, бүгін полиция мен қарақшылар Басра қаласының мешітінде қақтығысып, кем дегенде 11 адам құрбан болды. Полицияның мәлімдеуінше, “қарулы топ мешітке жасырынды” деген хабар алған соң, мешітті қоршаған кезде қарақшылар оқ ата бастаған. Бірақ сүннит өкілдерінің хабарлауынша, полиция қарусыз бейбіт тұрғындарды атқылаған, мешітте ешқандай қарулы кісі болмаған.
XS
SM
MD
LG