Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей егер АҚШ күштері Иранға қарсы соққы беретін болып шешсе, онда Теһран аймақтағы мұнай тасымалына кедергі жасайды деп қорқытты. Оның айтуынша, АҚШ-ы әскери әрекетінің салдарын білуі тиіс. “Егер Иранға қарсы дұрыс емес әрекет жасасаңыздар, міндетті түрде аймақтағы энергия тасымалына қауіп төнеді”, - деді Хаменей. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Иранның экономикасы мұнай экспортына өте байланысты, сондықтан энергия тасымалына кедергі жасау Теһранның мүддесіне қайшы келеді деді. Бұл туралы Райс ханым “Фокс Ньюс” телеарнасына берген сұхбатында хабарлады. Оның алдында Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад елдің ядролық бағдарламасына байланысты Батыс елдерінің соңғы ұсыныстарымен мұқият танысатынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі