Accessibility links

Парламент сайлауының нәтижесі жаңа үкімет құру мәселесін шеше алмады


ПРАГА. Чехияда сенбі күні болып өткен парламент сайлауынан кейін қолайсыз жағдай қалыптасып отыр. Сайлаудың нәтижесінде солшыл және оңшыл центристік күштер парламенттің төменгі палатасын тең бөлісіп, 100 депутаттық орыннан алды. Демек өз бетінше жаңа үкіметті жасақтауға бірде-бір саяси күштің басым дауысы жоқ. Соған қарамастан Чехия президенті В.Клаус коалициялық үкімет құру мәселесімен келіссөз жүргізуді сайлауда ең көп 35 пайыз дауыс алған Азаматтық демократиялық партиясына тапсыратынын мәлімдеді. 8 жыл үкімет басында болған Социал-демократиялық партиясын сайлаушылардың 32 пайызы қолдады.
XS
SM
MD
LG