Accessibility links

Бүгін Ирақтың түкпір-түкпірінде кем дегенде 34 адам қаза тапты


Бүгін Ирақтың Баакуба қаласының түбінде кем дегенде 19 адам оққа ұшты. Қара Таппа қаласы әкімшілігінің өкілі хабарлағандай, төтенше оқиға бүгін таңертең 3 мини-автобус Баакуба қаласына жете берген кезде болған. 25-тей қарақшы автобустағы жолаушылардың арасынан 4 сүннитті бөліп алып, ішінде студенттер мен балалар және қарттар болған өзге жолаушыларды түгел қырып кеткен. Басра қаласының мешітінде полиция мен қарулы топ қақтығысып, кем дегенде 11 адам құрбан болды. Бірақ сүннит өкілдерінің хабарлауынша, полиция қарусыз бейбіт тұрғындарды атқылаған, мешітте ешқандай қарулы кісі болмаған. Сондай-ақ бүгін Бағдадтың Садр-сити ауданында телекоммуникация компаниясының 4 қызметкерін жұмысқа келген сәтінде атып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG