Accessibility links

Өткен 3 аптада “Да Винчидің құпиясы” фильмі – 582 млн. доллар пайда түсірді


“Да Винчидің құпиясы” фильмі дүниежүзілік прокаттағы барлық рекордты жаңартуын жалғастыру үстінде: кинотеатрларға шыққан соңғы 3 аптаның ішінде ол туынды Канада мен АҚШ-та 172 млн. доллар табыс түсірсе, өзге елдерде тіпті 410 млн. доллар пайда тапты. Дэн Браунның экранға шыққан шығармасына өткен атада ғана Жапония мен Италия, Германия мен Аргентина, Жаңа Зеландия мен тағы басқа 6 елде бас-аяғы 52 млн. доллардың билеттері сатылды. Ал осы кезде Пәкістан елдегі мұсылмандар мен христиандардың наразы болуына байланысты фильмнің көрсетілуіне тыйм салды.
XS
SM
MD
LG