Accessibility links

Иран халықаралық ұсыныстарды қабылдамады


Иранның ядролық мәселе бойынша бас өкіл Әли Лариджани бүгін Тегеранда Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Соланамен кездесті. Хавиер Солана Иран ядролық бағдарламасы жөнінде халықаралық талап құжатын табыс етті. Әли Лариджани кездесуіміз жақсы өтті, ұсыныстардың кейбір позитивтік жақтары бар, бірақ кейбір түсініксіз жайттары да бар, соларды алып тастау керек деді. Әли Лариджани бұл қандай түсініксіз жайттар екенін нақты атаған жоқ, дегенмен, мәселені анықтау үшін көбірек сөйлесу керек деді.
XS
SM
MD
LG