Қырым жергілікті парламенті Украина құрамындағы Қырым түбегін "НАТО-дан еркін аймақ" деп жариялады бүгін. Ресейшіл партиялардың жақтастары осы жазда НАТО және Украина әскерлері жаттығу өткізеді деген жоспарға қарсы он күн демонстрация өткізіп жатыр. Олар Феодосия портында жаттығуға құрал-жабдық әкелген америкалық кемені бөгеп отыр. Украина президенті Виктор Ющенко Қырым парламентінің шешімін "қауіпті саяси ойын" деп қабылдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV