Accessibility links

Еуропа Одағы Қазақстаннан мұнайды көбірек және Ресейсіз алғысы келеді


Еуропа Одағы соңғы кезде Орталық Азия энергетика базарына көбірек қызығушылық таныта бастады. Еуропа Одағының өкілдері бұл шаруада Америка Құрама Штаттарынан әжептәуір құрғалып қалдық деп мойындайды. Еуропа Одағы Ресейге бәсеке құрып, Ресейді айналып өтетін бірнеше құбыржолды салу мәселесін көтеріп отыр.

Еуропа Одағының базарына ең көп отын шығаратын ел – Ресей екені аян. Ал Ресей осы жылдың басында Украинаға газ бермей қойып, газ бағасын бірнеше есе көтереміз деп барша Еуропа Одағын шошытып алды. Оның үстіне мұнай мен газдың әлемдік базарында бәсеке өсе түсті. Міне, Еуропа Одағы Ресейден тыс энергия бұлақтарын іздестіруге кірісті. Еуропа Одағының энергетика мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Эндрис Пибалгс "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Орталық Азия елдері Еуропа Одағына қажет газдың он пайыздан астамын оп-оңай қамтамасыз ете алады дейді. Газ – Еуропа Одағы елдері үшін аса маңызды энергия көзі. Міне, Эндрис Пибалгс мамыр айының басында Орталық Азияға сапар жасады. Бұл Еуропа Одағы энергетика мәселелері жөніндегі үйлестірушісінің осы аймаққа жасаған алғашқы сапары. Эндрис Пибалгс ең адымен Қазақстанға үміт артып отырмыз, одан кейін бәлкім Түркіменстанмен қарым-қатынас арттырамыз дейді:

- Осы кезеңде Қазақстан туралы айтып отырмыз, бәлкім кейінірек Түркіменстан жөнінде сөз қозғалар. Себебі Өзбекстан "Газпром" компаниясымен тым ұзақ мерзімді келісімдерді жасап қойған, оның үстіне өзбек газының сапасы кей тұрғыда жоғары емес.

Еуропа Одағының энергетика мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Эндрис Пибалгс Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан, Еуропа Одағы аса қатты мұқтаж ететін газ, мұнай және уранға бай деп зейін қояды. Аймақта энергетика өндірісі шапшаң дамып жатыр, мұнай көлемі "Баку-Тбилиси-Жейхан" құбыржолы тасымалдай алатын көлемнен көп, оның үстіне газ қоры аса көп делінеді. Бұл жерде Эндрис Пибалгс Қазақстан уранды көп өндіретін елге айналуы мүмкін, ең бастысы, Қазақстанда шетел инвестицияларына жақсы жағдай жасалған дейді. Еуропа Одағы Қазақстан мен Түркіменстаннан мұнай мен газды көбірек алсақ бұл Орталық Азияның өзіне де жақсы, Орталық Азия жаңа тұтынушы табады, оның үстіне Еуропа Одағы – тұрақты және сенімді тұтынушы болмақ делінеді.

Сондықтан да Еуропа одағы Еуропа Одағы іс жүзінде тұрақты болатын жаңа құбыржолдарды салу жобаларын құптап отыр. Эндрис Пибалгс Орталық Азия газы мен мұнайын Әзірбайжанға Каспий теңізі арқылы шығарған жөн, теңіз табанында құбыржолдар салған жөн, сосын Әзірбайжан, Түркия арқылы Еуропаға жеткізген жөн деп отырмыз дейді. Бұл бастаманың өміршеңдігін болжау тым ерте, Еуропа Одағы қазір алдын-ала зерттеулерді қаржыландырып жатыр делінеді. Дегенмен, бұл құбыржолдар салынатын болса да инвестицияны жеке компаниялар жасаса жөн делінді.

Эндрис Пибалгс Орталық Азия базарында Еуропа Одағына Ресейден көрі Қытай көбірек бәсеке құрып отыр дейді. Мұның бір себебі – Ресей біржолата тұтынушы емес, Ресей көбінесе делдалдық атқарып, мұнай мен газды өз жері арқылы Еуропа Одағына шығарып береді. Ал Қазақстан жайында Эндрис Пибалгс былай деп отыр:

- Қазақстан үшін екі мықты тұтынушымен қатынас құрған әлі де болса маңызды. Бір жағында Қытай, екінші жағында Еуропа. Ресеймен қатынас Қазақстан үшін маңызды. Саяси тұрғыдан қарағанда, Қазақстан әр дайым Ресеймен жақсы қатынаста болуға күш салады. Мұнда тұрған түк жоқ.

Міне, Орталық Азияға тұңғыш сапарын жасаған Еуропа Одағының энергетика мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Эндрис Пибалгс Қазақстан мұнай-газ саласының мүмкіншіліктері жөнінде, маңыздылығы жөнінде осындай пікір білдіреді. Еуропа Одағының басшылары Қазақстаннан мұнай мен газды көбірек алуға үмітіміз шаш-етектен дейді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG