Accessibility links

Англия құрамасының қатары толығып, францұз командасының қатары сиреді


БАДЕН-БАДЕН. Англия футболының жұлдызы Уэйн Руни Әлем біріншілігінде өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ағылшын дәрігерлері кезекті ойын кезінде сәуір айының соңында оң аяғының сүйегіне зақым келген Руниді қарап шығып, оған батасын берді. Кеше Уэйн Руни Анлия құрамасына қосылу үшін Германияға ұшып шықты. Бірақ Англияның Парагвай құрамасымен Әлем Кубогіндегі 10-ыншы маусымда өтетін бірінші кездесуіне оның қатысуы әлі белгісіз. Ал осы кезде Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Джибрил Киссе Қытай командасымен өткен жолдастық кездесуді жарақат алды. Ойын 3:1 есебімен францұздардың жеңісімен аяқталды.
XS
SM
MD
LG