ВАШИНГТОН. АҚШ-тың теңіз жаяу әскерінің қолбасшысы Ирақтың бейбіт халқына қарсы өзі басқаратын әскердің істеген зұлымдықтары туралы хабарға “қатты алаңдайды”. Кеше Пентагонда генерал Майкл Хаги осылай деп мәлімдеді. Бұл өткен жылдың қараша айында Ирақтың Әл-Хадита қаласында және осыдан 2 ай ғана бұрын Әл-Хамдиа қаласында бейбіт халықты қырып салды деген хабарларға АҚШ генералының алғаш рет сыр білдіруі болды. Өз сөзінде М.Хаги тәртіпті бұзған кез-келген теңізшінің жауапқа тартылатынына жұртты сендіруге тырысып бақты.