РИГА. Кеше Латвия парламенті Совет Одағының қауіпсіздік қызметі – КГБ-нің агенті болған 4 мыңдай адамның есімдерін жариялау мәселесін дауысқа салды. Бұрынғы КГБ-нің жансызы болған кісілердің нағыз аты-жөндері мен құпия есімдерін 1-інші қарашада ресми газет бетінде жариялау мәселесін латыш депутаттарының 59-ы қолдап, 18-і қарсы дауыс берді. Оған қоса, бұрынғы агенттердің әкелерінің есімдері, туған күні, жылы және жері, сондай-ақ совет дәуірінің құпия қызметінде отырған лауазымдары да жариялануға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?