Accessibility links

Ресей әскері қылмыстары үшін айып тағылған сербті жазадан бүркемелеп отыр


НЬЮ-ЙОРК. Әскери қылмыстар бойынша Халықаралық Гаага трибуналының Бас прокуроры Карла дель Понте ханым Сербия мен Ресейді Балкан түбегіндегі қантөгіс барысында әскери қылмыстар жасады деп айыпталған күдіктілерді ұстап беруге көмек бермей отыр деп айыптады. Сәрсенбі күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде дель Понте ханым Босния сербтерінің саяси әскери лидері Радован Караджич пен генерал Ратко Младичтің әлі де бостандықты жүргенін өкінішпен айтып, Қауіпсіздік Кеңестен Трибуналға оларды тұтқындау құзырын беруді өтінді. Оның айтуынша, Косово өлкесіндегі жанжал барысында адамзатқа қарсы қылмыс істеді деп айыпталып, қазір Ресейді паналаған серб Властимир Джорджевичті Мәскеу ұстап бермей отыр.
XS
SM
MD
LG