Accessibility links

Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафиқ Хариридың өлімін тергеп-тексеріп жатқан БҰҰ-ның арнайы тобы жұмысымызда алға басушылық бар дейді


Бельгия прокуроры Серж Браммерц бастаған комиссия Сириямен ынтымақтастықтың да дами түскендігін айтқан. Серж Браммерц бұл деректерді кеше БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанға жасаған есебінде мәлім етті. Рафиқ Харири 2005 жылы ақпан айында Бейруттағы бомба жарылысының құрбаны болған еді. Бұл қастандық шабуылына Сирияның қатысы бар деп айыпталған болатын, бірақ Дамаск айыптауларды жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG