Accessibility links

Иран халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарын зерттеп жатыр


Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Асефи Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарын қарап шығуға ұзақ уақыт кетпейді деп мәлімдеді. Иран үкіметі ол ұсыныстарды қазір зерттеп жатыр деді Асефи. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германияның жасаған ұсыныстар пакетінде Иранға уранды байыту ісінен бас тарту ұсынылған болатын. Асефидің айтуынша, ол ұсыныстардың кейбір тұстары тиімді, ал кейбірі болса мүлдем жарамайды. Иран бұл ұсыныстарға байланысты өз пікірін білдіріп, қосымша өз ұсыныстарын жасайды деді Асефи.
XS
SM
MD
LG