ПРИШТИНА. Бүгін Косово өлкесінің БҰҰ-ы тағайындаған басқарушысы Сорен Йенсен-Петерсен осы қызметтен жеке басының себептерімен осы айдың соңында кететінін мәлімдеді. Бұл жайтты ол Косово өлкесінің болашақ мәртебесі бойынша Сербия басшылығымен арадағы шешуші келіссөзге бірнеше апта қалғанда жариялап отыр. Жексенбі күні БҰҰ-ының арнаулы өкілі Мартти Ахтисаари Косовоның болашақ мәртебесі бойынша келіссөзге ресми Белград пен Косовоның албан өкілдерін шілденің соңына қарай шақыратынын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?