ЛЮКСЕМБУРГ. Бүгін Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Люксембургте жиналады. Оның барысында Түркияның Еуроодаққа қабылдану мүмкіндігі мәселесі талқылануға тиіс. Гректердің Кипр республикасы егер ресми Анкара Никосиямен арадағы қарым-қатынасын түземесе, Түркияның Еуроодаққа қабылдануы туралы келіссөзге бөгет болатынын ескертіп отыр. Ал Түркия гректердің Кипр республикасын мойындамай, аралдың түрік бөлігін қолдайды.