КИЕВ. Президент В.Ющенконы қолдайтын “Біздің Украина” партиясының хабарлауынша, “Қызғылт-сары төңкерісінде” өзінің одақтасы болған партиялармен коалициялық үкімет құру туралы келіссөзі нәтижесіз аяқталды. Наурыз айындағы парламент сайлауында бірде-бір партияның басым дауыс жинай алмауы себепті, коалициялық үкімет құру мәселесі бойынша “Наша Украина” мен “Ю.Тимошенконың блогі” және Социалистік партия арасындағы келіссөз талай апта бойы жалғасып келеді.