Accessibility links

В.Путин: “Иран өзінің ядролық технологиясын әлемді алаңдатпай дамытуға тиіс”


ШАНХАЙ. Бүгін Ресей президенті В.Путин өзінің ядролық технологиясын дамытуға Иранның құқы бар деп мәлімдеді. Оның айтуынша, алдыңғы қатарлы технологияны қолдануға, Иранды қоса алғанда, кез-келген елдің құқы бар, бірақ олар жаңа технологияны “ядролық қаруды таратпау проблемасы бойынша халықаралық қоғамды алаңдатпай пайдалануға тиіс”. Бүгін В.Путин Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадпен Шанхайда өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінен тыс кездесті.
XS
SM
MD
LG