Accessibility links

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті басталды


Маусымның 15-і күні, Қытайдың Шанхай қаласында, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының жоғарғы дәрежелі кездесуі басталды. Бұл кездесу осы ШЫҰйымы құрылуының 5 жылдық мерейтойына орай өтіліп отыр. Бұл жолғы отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Ресейдің мемелекет басшылары қатысты. Сондай-ақ жиынға ШЫҰ-ның атқарушы хатшысы мен ШЫҰ аймақтық антитеррорлық құрылымының атқару комитетінің директоры және ШЫҰ-ына мүше елдердің сыртқы істер министрлері қатысты. Саммит барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымының бес жылдық даму тарихына көз жүгіртіліп, алдағы даму келешегі туралы сөз болды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы шекаралық аудандарда әскери саладағы сенімді нығайту туралы Шанхай келісімі негізінде Шанхай бестігі деген атпен Ресей, Қытай, Қазақстан,Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің қатысуымен құрылған болатын.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының осы жолғы саммитіне сондай ақ Үндістан,Иран,Пәкістан,Моңғолия және Ауғанстан елдерінің басшылары да қатысып отыр. Бұл елдер ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы елдер мәртебесіне ие мемлекеттер болмақ.

Бейсенбі күнгі Шанхай саммиті қортындысында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары ШЫҰйымының 5 жылдығына арналған декларацияға қол қойып, ұйымының бас хатшысы туралы шешім қабылдады. 2007 жылдың басынан ШЫҰ-ының бас хатшысы болып Қазақстанның өкілі сайланатын болды. Бұл жөнінде саммитте сөз алған Қазақстан президенті Н.Назарбаев хабарлады.

Сонымен бірге саммит қортындысында ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің аумағында орын алуы мүмкін терроризмге қарсы бірлескен шараларды өткізу туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ саммитте ШЫҰ-ының іскерлік кеңесін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және ұйым аясында банктер арасындағы байланыстарды жақсарту, аймақтық экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс әрекеттер бағдарламасына қол қойылды.

Саясаткер Әміржан Қосанов, ТМД кеңістігінде орнаған неше түрлі ұйымдар мен қауымдастықтар секілді Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде қабылданған осыншама құжат қағаздардың іс жүзіне аса қояды дегенге өзінің күмәнді екенін айтады. Оның айтуынша, егер де ШЫҰ аясында қабылданып, қол қойылып жатқан осыншама көп құжаттар Қазақстан үшін, аймақ үшін маңызды құжаттар болса, олар неге алдын ала парламент талқылауынан өтіп, халық назарына жеткізілмейді. Бұл жағы түсініксіз, дейді ол.

Саясаттанушы Дос Көшімнің пікірінше, ШЫҰ өткен 5 жылда өзінің өміршең ұйым бола алатындығын дәлелдей алды. Ал қоғам қайраткері Болатхан Тайжан егерде қәзіргі ШЫҰ құрамына Үндістан, Пәкістан және Иран секілді елдер толық мүше бола алса онда бұл ұйым әлемдік деңгейдегі үлкен күшке айнала алмақшы деген пікірде. ШЫҰ-ның келесі төрағасы болу Қырғызстан еліне бұйырды.
XS
SM
MD
LG