КИЕВ. Бүгін президент В.Ющенконың “Біздің Украина” партиясы коалиция құру мәселесі бойынша В.Януковичтің мәскеушіл “Аймақтар партиясымен” келіссөз өткізгенін хабарлады. Сонымен бірге “Біздің Украина” партиясы “Қызғылт-сары төңкеріс” кезіндегі өзінің бұрынғы одақтастарымен келіссөзге де әлі дайын екенін мәлімдеді. Бірақ төңкеріс кезінде одақтасы болған “Ю.Тимошенконың блогі” мен Социалистік партия бұл келіссөзді “сатқындық” деп бағалады.