Accessibility links

Албания Косово албандарына тәуелсіздік берілуін қолдайды


ПРИШТИНА. Албания премьер-министрі Сәли Бериша Косово өлкесінің болашақ мәртебесі бойынша өзара келіссөз жүргізіп жатқан жергілікті албан лидерлерімен және Сербия өкілдерімен кездесу үшін бүгін Приштинаға келді. Оның барысында Албания премьері Косовоны басқаратын БҰҰ-ы миссиясының жетекшісі Сорен Йенсен-Петерсенмен кездесуге тиіс. Йенсен-Петерсен осы айдың соңында қызметтен кетпекші. Ал ресми Тирана Косово албандарына тәуелсіздік берілуін қолдап келді, ал Сербия оған қарсы.
XS
SM
MD
LG