Махмұд Ахмадинежад Теһранды уранды байытуы бағдарламасынан бас тартуға ынталандыратын халықаралық қауымдастықтың ұсыныстар пакетін “алға жасалған қадам” деп сипаттады.
“Біз бұл ұсыныстарды жалпы алға жасалған қадам деп отырмыз. Мен әріптестерімнен ұсыныстар пакетін жақсылап қарап шығуды сұрадым. Құдай қаласа, біз Иран Ислам республикасының мүдделерін ескере отырып оған байланысты өз пікірімізді білдіреміз”, - деді Ахмадинежад.
Бұл мәлімдемесін ол бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті барысында жасады. Ал оның алдында АҚШ Иран президентін бақылаушы ретінде шақырғаны үшін аталған ұйымды сынға алған болатын.