Accessibility links

Ирақта 24 бейбіт тұрғынның опат болуына байланысты жүргізілген тергеу аяқталды


АҚШ әскерилері өткен жылдың 19 қарашасында Хадита елді мекенінде 24 тұрғын теңіз жаяу әскерлерінің қолынан қаза тапты деген ақпаратты тексеру ісінің аяқталғанын хабарлаған. Олардың сөздеріне қарағанда, енді тергеу қорытындысын әскери басшылық қарап жатыр. Түпкілікті нәтижелер кейінірек белгілі болады. Жұма күні АҚШ конгресінің өкілдер палатасы американдық жасақтарды Ирақтан шығарудың кестесін бекітуден бас тартты.
XS
SM
MD
LG