Accessibility links

Ресми Вашингтонның пікірінше, Пхеньян “дөрекі арандатушылық” істеп отыр


ТОКИО. АҚШ пен Жапония Солтүстік Кореяны ұзаққа ұшатын соғыс зымыранын сынамақ жоспарынан бас тартуға шақырады. Американың Күншығыс еліндегі елшісі Томас Шиффер Пхеньянның зымыранын ұшыру жоспарын “дөрекі арандатушылық” актісі деп сипаттады. Оның алдында Оңтүстік Корея мен жапон баспасөзі Солүстік Корея Америка құрлығына соққы бере алатын зымыранын осы жексенбі күні ұшыруы мүмкін деп хабарлаған болатын. Оның қарсаңында ғана АҚШ-тың мемлекеттік департаменті мұндай сынақ – Солтүстік Кореяның ұзаққа самғайтын зымырандарды ұшырмау жөніндегі 1999-ыншы жылы алған міндеттемесін бұзу болатынын ескертті.
XS
SM
MD
LG