Accessibility links

АҚШ пен Ирақтың 10 мыңдық қолы бір Бағдадтың қауіпсіздігін қорғай алмай жатыр


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың түкпір-түкпірінде болған түрлі шабуыл мен жарылыстан кем дегенде 28 адам, оның басым көпшілігі Бағдад қаласында құрбан болды. Бағдадтың қауіпсіздігін нығайту мақсатында 4 күннен бері қалаға Ирақ пен АҚШ әскерінің шоғырландырылуына қарамастан, қантөгіс толастамай отыр. Ең көп адам шығыны Ирақ армиясы мен полициясының Бағдадтағы құжат тексеру постында болып, жанкешті-лаңкес 11 адамды, оның ішінде армия жауынгерлерін өлтірді. Қалғандары Бағдадтың 2 базарындағы бомба жарылысы мен минаатқыштың атқылауынан қаза тапты.
XS
SM
MD
LG