ВАШИНГТОН. АҚШ пен Жапония “Солтүстік Корея Америка құрлығына ұшып жете алатын зымыранын сынауға әзірленіп жатыр” деген хабардың шығуына байланысты осы елді бақылауын әлі жалғастырып жатқанын мәлімдеп отыр. Аты-жөнін атамаған АҚШ шенеунектерінің сөздері бойынша, ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда, Солтүстік Корея сынақтың алдында зымырандарына жанар май құйған тәрізді. Ресми Вашингтон мен Токио Пхеньянды кез-келген сынақтан бас тартуға шақырды.