ВАШИНГТОН. Кеше АҚШ президенті Дж.Буш егер Иран өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатпаса, оған қарсы саяси және экономикалық шектеу қойылуы мүмкін екенін тағы да ескертті. Кингс-пойнттегі сауда флоты Академиясында сөйлеген сөзінде Дж.Буш Иран уран шикізатын байыту жұмысын толық әрі сөзсіз тоқтатқанда ғана, АҚШ-тың халықаралық қоғам мен Теһран арасындағы келіссөзге отыратынын мәлімдеді.