Accessibility links

Ирақ көтерілісшілері ұрлап кеткен екі америкалық сарбаздың мәйіттері табылды


АҚШ әскері Ирақ көтерілісшілері ұрлап кеткен екі америкалық сарбаздың мәйіттерін таптық деп жариялады. Көтерілісшілер оларды 16 маусымда ұрлап кеткен. АҚШ әскерінің өкілі мәйіттер дүйсенбі күні Юсифия қаласының маңында табылды деп мәлім етті. АҚШ әскерінің өкілі, генерал-майор Уильям Келдуелл екі сарбаз азапталған көрінеді, нақты сараптама жасалу үшін мәйіттерді Америка Құрама Штаттарына жөнелттік деп айтты.
XS
SM
MD
LG