Accessibility links

Еуропа Одағы Джордж Бушты қатты сынамақ


Еуропа Одағының кезекті президенті - Австрияның канцлері Вольфганг Шюссель бүгін Вена қаласында басталатын саммитте АҚШ президенті Джордж Бушты сынаймыз деп айтты. Еуропа Одағы президент Бушты Куба аралында орналасқан Гуантанамо базасының мәселесі және Орталық барлау басқармасының құпия ұшақ қатынастары мәселесі бойынша сынамақ. Гуантанамо түрмесінде терроризм күдігі бойынша жүздеген азамат отыр, оларға не айып тағылмайды, не адвокат берілмейді. Орталық барлау басқармасы кейбір күдікті азаматтарды Еуропа Одағы арқылы құпия тасыған делінеді.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG