Accessibility links

АҚШ парламентінің төрт депутаты Владимир Путинді жөнге шақыру керек дейді


АҚШ парламентінің төрт депутаты "Үлкен сегіздік" тобы елдерінің басшыларына қайырылып, Ресей президенті Владимир Путин демократияны тежеп отыр деп сынауға шақырды. Төрт депутат қысым келесі айда Санкт-Петербор қаласында "Үлкен сегіздік" тобының саммитінде жасалсын, Путин Ресейді демократия жолынан бұрып, авторитаризм жолына салды дейді. АҚШ парламенті төрт депутатының хатында Путин оппозициялық партияларға қысым көбейтті, елдегі теледидар мен радио үстінен мемлекеттік бақылауды күшейтті, Ресей үкіметіне сын айтқан тәуелсіз бизнесмендерді, ғалымдарды қудалауға салды делінеді.
XS
SM
MD
LG