Accessibility links

Дж.Буш Гуантанамодағы АҚШ-тың әскери абақтысы турасында халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын түсінемін деді


АҚШ президенті Дж.Буш пен мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс екеуі бүгін Венада Европа одағының саммитінде Одақ жетекшілерімен келіссөздер өткізді. Ал бұл уақытта Австрия астанасының көшелеріне бірнеше жүздеген студенттер шеруге шығып, Буштың сапарына наразылықтарын танытты. Буш саммитте сөйлеген сөзінде Гуантанамо түрмесін жауып, онда қамауда отырғандарды өз елдеріне жіберемін дегенді айтты. Бірақ олардың кейбірі кісі өлтірушілер, сондықтан да олар сот алдында жауап беруі керек болады деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG