Түркменстан бүгін егер Ресейдің мемлекеттік Газпром компаниясы көгілдір отынды сатып алу бағасын жартысына дейін көтермесе газ беруді тоқтатамыз деп ескертті. İшкі істер министрлігінің жарық көрген мәлімдемесінде Газпром газдың әрбір мың текше метріне қазіргі 65 доллардың орнына енді кемінде 100 доллардан төлеуі керек деп жазылған. Ресейдің Газпром компаниясы да осы айдың аяғында Украинаға берілетін газдың бағасын өсіреміз дейді.