Da Ali G Show британдық шоудың әрітісі Саша Барон Коэн соңғы кезде көрермендерін күлдіру үшін Ямайкадан шыққан Али Джи болып және Қазақстанның мемлекеттік телеарнасының шартты журналисі Борат Сағдиевтің кейпін сомдап жүр. 2005 жылдың қарашасында Португалияның МТV Europe Music Awards хабарына жүргізуші ретінде шыққан Саша Барон Коэн қазақстандық журналист кейпінде Қазақстан билігіндегі шенеуніктерді сайқымазаққа айналдырған еді. Артынша, Қазақстанның сыртқы істер министрінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, әлгі көрсетілімге байланысты британдық әртіске ресми наразылық хат жолданғанын хабарлаған болатын. Енді, міне, британдық шоумен Саша Барон бүгінде «Борат» атты толық метражды кинофильм түсіріп болып, оны жұртқа көрсетуге дайындап жатқан көрінеді.
Бұл фильмнің жарнамасын қазір Интернет сайтарда кезіктіруге болады. Онда Саша Барон қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің кейпінде Америкаға сапар жасап, ондағы халыққа өзінің еліндегі жабайы тұрмыс-тіршілікті таныстырады.
Кейбір хабарларға қарағанда, британдық шоумен Саша Баронның осы фильмі үстіміздегі жылдың қараша айында прокатқа түспекші екен. Ал Қазақстандағы бірегей мемлекеттік телеарна – «Қазақстан» ұлттық арнасында Борат Сағдиев деген журналист жоқ, болған да емес дейді, осы телеарнаның бұрынғы қызметкері Қасым Аманжол.
Бірақ, Қасым мырза өзі «Қазақстан» ұлттық арнасында жұмыс істеп жүрген кезде бұл телеарнаның атына да кейбір шетел елшіліктерінен наразылық хат түсіп жататынын айтады.
- Қытай елінің наразылықтары бізге көп түсетін. Себебі, «қытай» деген сөзді араластырып кез-келген бір сын пікір айтып қалсаңыз болды, «Қазақстанға» наразылық хат келді деп еститінбіз. Сондықтан кез-келген елдің сыртқы істер министрлігі халықаралық мәселелерде белгілі бір дәрежеде дұрыс, - дейді ол.
Алайда журналист Қ.Аманжол шығармашылық адамның туындыларына қысым жасауға болмайды деп есептейді:
– Сын – шығармашылық адамның туындысы. Сондықтан, шығармашылық адамның ісіне қол сұғуда бір шетінен дұрыс емес.
Ал «Қазақстан» телерадиокорпорациясының директоры Жүрсін Ерман мырза британдық әртіс Саша Баронның Қазақстан жайында айтқан сықақтарының артында белгілі бір күштер тұр деп есептейді. Оның ойынша, мұның бәрі тапсырыс болуы мүмкін:
– Қазақстанның соңғы 16 жылда қол жеткізген табыстары әлемге әйгілі ғой. Сондықтан бұл біреулерге ұнамауы да мүмкін. Осыны ұнатпайтын адамдар қолынан келген мүмкіндіктерін пайдаланып, әртүрлі әдіс-айламен қолынан келген қоғамдық пікір туғызуға тырысып жатқан шығар. Бұл жақсы емес.
Қазақстандық белгілі сықақшы, «Тақия мен Мафия» әзіл-сықақ театрының әртісі Жанатбек Бәйтенов болса, шетел сықақшыларының Қазақстан туралы сын-пікірлер айтулары дұрыс емес деп санайды.
– Әркім өз қотырын өзі қасуы керек. Британдық әртіс Британияның ішкі тірлігін сынап алсын. Бізде де өзімізге жетерлік сыншылар бар, өз еліміздің менталитетін түсінетін. Мысалы, біз Американы айтып сынаймыз. Енді бұл Америка шынымен де айдаладағы Ирақтың тағдырын шешіп жатыр. Әркім өз жеріне өзі жауап беруі керек. Менің ойым солай.
Ал тележурналист Қасым Аманжолдың айтуынша, соңғы кезде шетелдерде британдық шоумен Саша Бароннан да басқа, қазақстандықтардың намысын туғызатын оқиғалар болып жатыр. Бірақ, бұл жағдайларға сыртқы істер министрлігі үнсіз тіл қатпай отыр дейді:
– Қаншалықты дәрежеде мемлекеттің беделіне нұқсан келетін дүниелер бар. Алдымен соны анықтап алу қажет. Содан кейін барып, наразылық хат жолдаған жөн. Шынымен елдің намысы, мемлекеттің мүддесі жыртысқа түсіп жататын жерлерде біздің сыртқы істер министрлігі пікір білдірмей қалады да, ал енді жоқтан өзгеге келгенде «түймедейді түйедей» етіп көрсететін кездері болады.