Accessibility links

Президент Буш Будапеште мажар халқының табыстары жөнінде айтты


АҚШ президенті Буш бүгін Венгрия астанасы Будапеште 1956-жылғы советтік коммунистік режимге қарсы көтерілісте қаза тапқандарды еске алу рәсіміне қатысты. Буш Венгрия президенті Ласло Солйомен кездескеннен соң ол көтерілісте советтік озбырлықтың құрбаны болған марқұмдардың ескерткішіне гүлшамбар қойды. Венгрия президенті өз кезегінде:

- Біз мажарлардың азаттық, демократия, ұлттық өзін тану және адам құқықтары үшін күрестегі жанкештілігі, олардың рухы алдында бас иіп тұрмыз, - деді.

Мажар еліндегі коммунистік билік 1989 жылы күйреді.
XS
SM
MD
LG